ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БӨЛІМІ

Медициналық орталық  университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басты  міндеті  университет қызметкерлері  мен студенттеріне аурудың   алдын –алу және сауықтыру  шараларын ұйымдастыру  болып  табылады.

  Университеттің медицина бөлімшесінің алдына қойған негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлерге алғашқы көмек көрсету. Медицина бөлімшесі заманауи талаптарға сай және жоғары оқу орындарының медициналық бөлімшесіне қойылатын талаптар деңгейінде жабдықталған. Медицина бөлімшесін жоғары білікті медбике Ә.Д.Жүнісақынова басқарады. Инфекциялық ауруды төмендету және олардың алдын алуын ескерту туралы іс-шаралар ұйымдастыру; еңбек жағдайының санитарлық-гигиена шарттарын қадағалауымен бақылау медицина бөлімшесінің негізгі қызметі болып саналады. Осы қызметті жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстар атқарып келеді:

-      университет аумағында дәрігерге дейін бірінші және шұғыл медициналық көмек көрсету.

-      алғашқы және мерзімді профилактикалық медициналық тексерулер;

-      студенттердің денсаулығын қадағалау, алғашқы көмек көрсету.

-      санитарлық талаптардың сақталуы.

 

Құрылымы

  • Медбике

 

Жүнісақынова Әсел

Телефон: +7 (727) 379 78 96 (ішкі 148)

Мекен-жай:Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 168