САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БӨЛІМІ

Дабылтаева Райхан Есбергенқызы

 п.ғ.к., доцент 

Сапа менеджмент және стратегиялық даму бөлімінің басшысы,

 

     Дабылтаева Райхан Есбергенқызы , 1992 жылы Жамбыл педагогикалық институтының (ЖПИ)  шет тілдер факультетін бітіргеннен кейін, Жамбыл қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында педагогика пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді.

   2000-2002 жылдар аралығында  Жамбыл филиалының Алматы экономика және статистика институтында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2002-2005 жылдан бастап, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

    2005-2009 жылдар аралығында Жамбыл облыстық институтының мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

       2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

       2009 жылдан бастап  Шет Тілдержәне Іскерлік Карьера университетінде Шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді, 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап  Шет Тілдер және іскерлік карьера университетінде Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеуін жалғастыруда.

2013-2014 жылдар аралығында Шет Тілдер және Іскерлік Карьера университетінің деканы және ғылым мен тәрбие ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.

   Осы жылдар ішінде Дабылтаева  Р.Е. ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын  түрлі іс-шараларға қатысты. Қазақстан Республикасында алғашқы ҰБТ өткізілген кезінде (2009 ж.)  Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысының БҒМ өкілі болды, 12-жылдық білім беруді  іске асыру мақсатында құрылған тексеру комиссиясының мүшесі болды(2007ж.).

 Болон процесінің еуропалық, халықаралық стандарттары мен қағидаттары арқылы еліміздің білім беру жүйесін интеграциялау бойынша, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне кредиттік жүйесін енгізу бойынша республикалық және халықаралық көптеген конференциялар мен семинарларға қатысты.

2010 жылы Шет Шілдер және Іскерлік Карьерауниверситетінің академиялық доцент атағы берілді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша сыртқы сараптама комиссиясының жұмыс тобында болды; және де Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі комиссияның сыртқы сарапшысы ретінде жұмыс істеді.

2014 жылдың желтоқсан айында Дабылтаева Р.Е.  «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды.

2014-2015 «Педагогикалық ғылымдар» факультетінің деканы болып қызмет атқарды.                                                                                                      

2015-2016 оқу жылдарында сапа менеджменті және стратегиялық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

 

Сапа менеджменті және стратегиялық дамыту бөлімінің  негізгі атқаратын қызметтері:

  1. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің  оқу процесін кредиттік жүйе негізінде ұйымдастыру және басқару барысының сапасын бақылау
  2. Оқу процесін ұдайы жаңарту, оқу барысындағы қызмет көрсетуде сапасын арттыру
  3. Оқу процесін дамыту және жаңа технологияны енгізу
  4. Білімді бақылау жүйесінде баллдық рейтинг жүйесін одан ары тиімді жетілдіру (аралық, қорытынды білімді бақылау )
  5. Пәнді таңдау жүйесін жетілдіру
  6. Оқу процесіне ғылымның соңғы жетістіктерімен техникалық, инновациялық технологияларымен қамтамасыз ету.
  7. Университеттің барлық дайындық түрлерінің оқу бағдарламасын үнемі дамыту

Тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық бәсекелестік еңбек нарығында да білікті бакалавр, магистр мамандарын дайындауға барлық жағдайын қамтамасыз ету

 

Іс-шараның атауы

Іс-шараның орындалу мазмұны

1

ШТІКУ-де 2005-2016 оқу жылдары аралығында «Сапалы тәлім – саналы тәрбие» стратегиясын іске асыру мақсатында атқарылған істер және ұсынылған стратегиялар (жылы, мамандығы, факультеті, ұсынушы және орындаушы негізінде)

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 05. 04. 2001 26985-1910-М-Е нөмірлі шешімімен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім, ғылым және мәдениет келісімдерінің нәтижесінде Алматыда құрылды.

Біздің тәлім-тәрбие саясатымыз - бүгінгі күннің талаптарына сай, келер күннен күткеніңіздей оқу-тәрбие беру. Жеткілікті материалды- техникалық базасымен, жетекші маман кадрларымен оқыту процессін жетік меңгерген, теория мен практиканың сабақтастығына, ұштастығына көңіл бөлетін, дамыған өлкелермен ғылыми-тәрбиелік алмасу бағдарламаларына қатысатын, ең кемі екі шет тілін академиялық деңгейде үйрететін, студенттердің әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамуын қадағалайтын тәлім-тәрбие саясатын ұстанудамыз.

Орта және жоғарғы мамандық оқуы бағдарламалары әлеуметтік, педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану, мәдениет, өнер және осы аталғандармен тамырлас білім салаларын өзара ұштастыра отырып, келесі мамандықтар бойынша сапалы мамандарды дайындауға бағытталған.

5В011100 – Информатика

5В011400 – Тарих

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011900 - Шет тілі: екі шет тілі

5В020200 - Халықаралық қатынастар

5В020600 – Дінтану

5В020700 - Аударма ісі

5В050400 – Журналистика

5В050600 – Экономика

5В050700 – Маркетинг

5В050800 - Есеп және аудит

5В051100 – Менеджмент

5В090200 – Туризм

«Сапалы тәлім – саналы тәрбие» стратегиясын іске асыру мақсатында ұсынылатын стратегиялар:

1)    Университет сапа менеджменті  TS-EN-ISO 9001:2015 жүйесін одан әрі жетілдіру;

2)    Сапа менеджменті TS-EN-ISO 9001:2015 бойынша мониторинг жүйесін жетілдіру;

3)    Университет ПОҚ ғылыми жұмыстармен шұғылдану барысын  кадрлардың іштей іскерлік өсіп-жетілуіне мониторинг жасау;

4)    Сапалы білімді кадрлар даярлауды үнемі жетілдіріп отыру.

2

ШТІКУ-де білім берудің, оқу-әдістемелік істердің орындалу барысы: (сапасы, түрі, саласы, кемшіліктері мен табыстары арнайы көрсетілуі тиіс);

Университеттің алдына қойғаннегізгі мақсаты– Қазақстан Республикасы мемлекетінің және әрбір жеке тұлғаның мүддесі мен  қабілетіне қарай, сұраныстарына сәйкес білім бере отырып, бүгінгі күн талабына сай бәсекелестікке қабілеті бар мамандар даярлау.

Университет ұжымы 2015-2016 оқу жылында біраз табыстарға жетті. Мәселен:

1. Бакалавр мен магистратураның барлық мамандықтары 2015 жылдың қараша айында Аккредитациядан толық өтті;

  1. Бітіруші түлектердің Білімін Сырттай Бағалау (ВОУД) нәтижесі де

өте жақсы болды. Алматыдағы 28 ЖОО-ы ішінде 6 орында, республика бойынша 106 ЖОО-ң ішінде 22 орында болдық;

  1. Халықаралық байланыс күшейді.  Жоғары санатты

университеттермен келісім-шартымыз көбейді. Студент, магистранттар мен оқытушылар арасында академиялық алмасу жоғары сатыда өтті – 150-ден аса студент пен магистранттар, 10 оқытушы

  1.  Студент контингенті 1811 студентті құраса, оның ішінде 150 грантта және 682 жеңілдікпен оқиды;
  2.  Оқытушылардың сапасын арттыру жұмыстары да өз нәтижесін берді: 50-ге жуық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар басылып шығарылды, 100-ден аса біліктілігін арттырғаны туралы  сертификаттар мен куәліктер алды; 10-ға жуық импакт-факторлы журналдардағы басылым.

 

 

 

 

 

 

Стратегиялық міндеттер:

1. Сапаны бағалау жүйесін дамыту барысында білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың жаңа және дамытылған тәсілдерін енгізу қажет;

2. Бітіруші түлектердің білім сапасын сырттай бағалау (ВОУД) сынағынан жоғары балмен өту үшін сапаға жұмыс жасау;

3. Білім сапасын көтеру үшін міндетті түрде коррупцияға жол бермеу;

4. Жұмыс нарығына, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуын анализ  жасау арқылы заман талабына сай қажетті жаңа мамандықтарды дайындауды жоспарлау қажет: ол үшін оқытушы мамандардың ғылыми-әдістемелік сапасын көтеру арқылы министрліктен жаңа мамандықтарға лицензиялар талап ету.

5 Қазақстандағы білім сапасын бағалайтын мемлекеттік бақылау құралы мемлекеттік аттестация болып табылады. Университеттің бір жылдық, үш жылдық және стратегиялық жоспарында міндетті түрде барлық білім беру және тәрбиелеу құрылымдарын мемлекеттік стандарттарға сай дамытуды алға қою керек. Университет басшылары жүйелі түрде барлық өндірістік процесстерде мемлекеттік аттестация талабын орындауды бақылап отыруы қажет;

6. Ішкі сапа менеджментін Халықаралық стандартTS-EN-ISO 9001-2015 «Система менеджмента качества. Требования» атты шет елдік сапа  стандарттарына сай  қалыптастыру қажет: университеттің ішкі нормативті құжаттарын жасау, мониторинг жүргізу, білім деңгейін күнделік, аралық, қорытынды бақылау арқылы тексеру, оқытушы-профессор құрамының кәсіби деңгейін тексеретін рейтинг өткізу және эксперттік бақылау жүйесін дамыту, жұмыс беруші мекемелерден алынған анкета сауалнамаларына анализ жасау арқылы сапаны көтеру.

7. Білім алушылардың сапасын көтеру үшін шет елдік оқу орындарымен байланысты күшейту арқылы студенттердің академиялық ұтқырлығын одан жоғарылату;

8. Қос диплом жүйесін дамыту. Студенттерге шет тілдерін үйретуді дамыту.

9. Әр мамандық студенттерінің кәсіби тәжірибе өтетін өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнату арқылы сапасын арттыру.

10. Университет басшылығы білім беру жүйесі мен білім сапасына әр қашан мониторинг жүргізіп, оның нәтижесі әрқашан сараланып, анықталған кемшіліктерді жақсарту іс-шаралары анықтап отыруды талап ету;

11. Студенттердің білімін бағалаудағы күнделікті, аралық және қорытынды бақылауды қатаң түрде дамытып отыру қажет. Білім деңгейін көрсететін  рейтингтік бағалау жүйесін әрқашан пайдалану қажет.

12. Білім саапсын көтеру мақсатында студенттердің сабаққа қатысу пайызын жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет. 2011-2016 жылдары 75 пайыз сабаққа қатысу талап етілсе 2017-2020 жылдары 100 пайыз студенттер сабаққа қатысуы тиіс.

13.Университет студенттерінің білім дәрежесінің өсуі оқытушылардың кәсіби сапасына тікелей байланысты. Үздіксіз даму жүйесін қалыптастыру және субъективизмге жол бермеу үшін оқытушы-профессор құрамының сапасы эксперттік бақылау нәтижесі мен рейтинг бағаларының критериіне сәйкестігі арқылы бағаланады.

14. Университет түлектерінің кәсіби сапасын көтеру үшін өндіріс орындарымен тікелей жұмыс істеу қажет. Оқу процесіне өндіріс орындарымен байланыста таңдамалы пәндерін енгізіп оқытуды қолға алып, 2017-2020 жылдары 75-80 пайыз таңдамалы пәндерді тек өндіріс орындарының ұсынған пәндерімен оқыту.

15. Педагогикалық мамандықтардың сапасын көтеру қажет және студенттерге ағылшын тілін үйренуді міндеттеу керек. 2016-2019 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының талабы бойынша педагогикалық мамандықтардың түлектері ағылшын тілінен IELTS және TOEFL сертификаттарын алуы міндетті.

  1. Диплом жұмыстарының әр тарауын тексеруге кесте жасап, соны кафедра меңгерушілері қатал бақылауға алып, диплом жұмысын сатуды болдырмауға әрекет жасау керек.
  2. Оқу бөлімі  келесі оқу жылына оқытушылар жүктемесін РУПпен тексеріп, сабақ кестесін даярлауда ректор Сабри Хизметли мырзаның талабын орындай отырып, әр штаттағы оқытушының күніне сабағының 4-6 сағаттан аспауын және де аптаның бес күнінде де сабақ өтуін талап етуді арттыру қажет.

18. 2016-2017 оқу жылында барлық ЖОО-да Ақпараттық-коммуникативтік технология (ИКТ) пәні ағылшын тілінде өтуді талап етуде. Сондықтан, IT университетімен келісімге отырып, осы пәннің онлайн режимде біздің студенттерге өтуіне жағдай жасау қажет. Ол университет басшылығы бүкіл ЖООлар үшін типтік бағдарлама жасап, соның негізінде ағылшын тілінде дәрістерді де дайындауды тамыз айына дейін аяқтауды міндетіне алған.