Институттер - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Институттер

«КҮЛТЕГІН» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

         Университетте «Күлтегін» атындағы ғылыми-зерттеу инститтуты құрылған. Бұл институтттың негізгі мақсаты -  әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және басым бағыттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады. Институттың алдына қойған міндеттері – зерттеу, оқыту, насихаттау жолымен білімді сақтау, жасау және тарату бағытындағы ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіру.  Институт алдына қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына ықпалын тигізетін ғылыми жобаларды орындады. Институтқа  Күлтегін атын берудің де өзіндік маңызы зор. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүние түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда.

         Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз.  Қазақстан ғылымы бүгінде жоғары технологияларды енгізуге бағытталған және инновацияларды қолдау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым жақтарын айқындауда. Міне, осындай жағдайда қазақстандық ғылымның даму тенденциялары, ғылыми мектептердің бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулерді ғылыми басылымдарда жариялау бүгінгі таңда өзекті болып саналады.  «Күлтегін» ғылыми-зерттеу институты осы мәселелерді шешуде маңызды зерттеулер атқаруда.

       Бұндай зерттеулер Қазақстан ғылымының жаңа ғасырдағы бет-бейнесін, халықаралық қауымдастықтағы бәсекеге қабілетті бағыт-бағдарын айқындау үшін де маңызды. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену стратегиясының бірінші бағыты Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты интеграциялануы табысты жаңарудың негізі ретінде атап көрсетілуі тектен тек болмаса керек. Әлемдік экономикалық интеграцияға жетудің жолы ғылыми инновациялық қолданбалы зерттеулер мен озық технологияларды өндіру және тәжірибеге енгізу болып отыр. Ең жоғары халықаралық стандартқа сәйкес келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын, халықаралық деңгейдегі үрдістерге қатыса алатын технологиялық парктерді ашу және дамыту, жаңа технологияларды игеру заман талабынан туындап отырған үрдіс.                 

            «Күлтегін» ғылыми-зерттеу институты арқылы жүргізілетін жұмыстардың нәтижелерін іске асыру бағытында университет профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдарға, сондай-ақ салалық, оқу-әдістемелік және өндірістік көрмелерге қатысып, баяндамалар жасайды. Университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін көтеру және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру мақсатында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылы10 млн. теңге қаражат бөлу қарастырылды.

События
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұйрық
Жарияланған: 29 мамыр, 2020
Хабарландыру
Жарияланған: 30 сәуiр, 2020
15 жылдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тақырыбында ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Ректор өкімі 27 сәуір
Жарияланған: 27 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен 2020 ж., 27 сәуірде жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша нұсқаулық негізінде рекордың ӨКІМІ
Ректор өкімі 26 сәуір
Жарияланған: 26 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша іс-шараларды атқару туралы ӨКІМ
Құрметті оқырмандар!
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Бізбен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың және жұмыстың шұғыл қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO ақпараттық қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық жоғары оқу орындары...
Қызметкерлердің төтенше жағдайда және карантин кезіндегі...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер
Бос жұмыс орындары
Жарияланған: 31 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына келесі бағыттар бойынша конкурс жариялайды:
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.