Колледж

Колледждің мақсаты  мемлекеттік және жеке секторлардың барлық деңгейде жұмыс істей алатын мамандарды жетілдіру, жастарды материалдық және рухани құндылықтармен  қамтамасыз ету , заманға сай кәсіби мамандар дайындау.

Колледжде қызмет атқаратын таңдаулы және озық тәжірибелі, танымал мамандардармен бірге Түркие мемлекеті тарапынан жіберілген тіл білімі мамандар дәріс беруде.

Колледжімізде дәрістер жаңа заманға сай түрде жасалған дәрсханаларымыз, компьютер кабинеттері, интернет кабинеті, Тіл үйрету орталығы, кітапхана, оқу салоны, асхана, буфет  қызмет көрсетуде.

Колледж оқушылары алған білімдерін шыңдау мақсатында оқу жоспарына сәйкес Қазақстан және Түркие мемлекеттерінің жұмыс орындарында тәжірибелерін өткізуде.

Қазақстан және Түркие арасындағы білім және мәдениет келісім шарттарын негізге ала отырып жазғы демалыс кезінде Түркиеге оқушы және оқытушы жіберілуде.

Колледжімізде тек қана оқумен шектелмеуде , сонымен қатар көптеген әлеуметтік, мәдени, ғылыми іс шараларға да белсене қатысуда. 

«Балауса» атты фольклор тобы домбыра оркестірі, КТК (КВН) командасы, спорттық команда оқушылармен жұмыс жасауда. Әр түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындар алуда.

Колледжде оқып ары қарай оқуын жалғастырам деген оқушылар үшін университетке түсуде  және төлем ақысында жеңілдіктер жасалады. Колледжде оқитын оқушылар бірінші шет тілі ретінде ағылшын тілін, екінші шет шет тілі ретінде кез келген шығыс немесе батыс тілі оқушының қалауы бойынша оқытылады. Бірінші, екінші курстарда түрік тілін үйрету үшін төлем ақы алынбайды.

 

Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі 9-11 сыныптардан кейін талапкерлерді қабылдайды.

2013-2014 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша оқушылар қабылдайды:

  • 0513000 - Маркетинг (салалар бойынша)
  • 0402000 - Дизайн (кәсіп бойынша)
  • 1304000 - Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандвру
  • 0512000 - Аударма ісі
  • 0105000 - Бастауыш білім беру
  • 0105033 - Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
  • 0518000 - Есеп және аудит
  • 0515000 - Менеджмент
  • 0511000 - Туризм
  • 0507000 - Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру
  • 0105023 - Информатика пәні бойынша бастауыш білім беру мұғалімі

 

Студенттердің салауатты өмір сүруі үшін соңғы әлемдік үлгідегі техникалармен жабдықталған 320 адамға арналған жатақхана бар.