ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор  Сабри Хизметлиді туған күнімен құттықтаймыз.  

       Сабри Хизметли –  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің және Түркия білім Министрінің, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы қаласындағы  Алмалы ауданы әкімінің, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің, т.б. студенттер мен магистранттар  және өзі басқарып отырған ұжымның ерекше ықыласына ие болған  ғалым, іскер басшы, ұлағаттты  ұстаз, аяулы жар, асыл әке. 

     Сабри Хизметли қазақ, түрік, орыс, ағылшын, француз, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген. Оның аталған тілдерде 37 ғылыми шығармасы, 300 ғылыми мақаласы жарық көрген. 50 магистратура, 23 PhD  докторантура диссертация жұмысына жетекші болған; түрік, араб, қазақ, қырғыз ұлттарынан 20 шақты танымал шәкірт тәрбиелеген.

        Іскер басшы, ұлағаттты  ұстаз, аяулы жар, асыл әке  Сабри Хизметлиді туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасына бақыт  тілейміз.

     Әрқашан биіктерден жарқырап көріне беріңіз. Сіз бізге, ұжымға, шәкірттеріңізге іскер басшы, қамқор аға, сыйлас әріптес, ақылшы ретінде қымбатсыз.