Шет тілін үйретудің жаңаша тәсілдері

         Жаңаша шет тілін үйрету жүйесі, тіл мен білім беру қағидаларынан бастау алған әдістер мен бұлардың практикасына сүйенген техникалық құралдардан тұрады. Яғни, шет тілін жаңаша үйретуде теория,  әдіс және техника бір-бірін құрайтын, оның ірге тасын белгілейтін тіл білімінің қағидасы болып табылады. Техникасына келетін болсак,  бұл тіл үйрету тәсілдерін іске асыру құралдары болып табылады. Осылай болса теория, әдіс және техника шет тілін үйрету  жүйесінде ең көп қолданылатын терминдер болып табылады. Бірақ тіл білімінде бұлар бір-бірлерінің орнына қолданылып келеді.

         Шет тілін үйретуге байланысты теориялар, адамзаттың бір-бірімен қарым-қатынастарымен байланыстарын қай негізде іске асырғаны жайлы жорамалдар жиынтығы. Бұл жорамалдар әрі тілдің құрылымы, әрі тіл үйрену мен үйрету тәсіліне тікелей қатысы бар. Бір шет тілін үйрету теориясы көбінесе осыны ұстанған практиканттардыңкөзқарастары мен пікірлерінен  туған. Ауызша, құрылымды, сөздің құрылымдық, қызметтік, коммуникативтік, ықпалдық сияқты түрлері бар бұл теориялар бір көзқарасты, тіл үйретудің принциптері мен ерекшеліктерін белгілейді. Тіл үйретуіне байланысты теориялар,  негізінен тілдік және  тәрбиелік теориялар болып   екіге бөлінеді. Заманға сай тіл үйрету орталықтары осы екі тәсілді де қолдануда. Біздің университетіміз де мүмкіндігінше осы тәсілді пайдалануда.

         Шет тілдер факультеті ретінде  біз, бір жағынан шет тілін оқытудың жаңа тәсілдерімен техникаларын қолдана отырып  сабақ береміз бір басқа жақтан  тіл үйрету техникалық базамызға негіз болатын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге тырысамыз.Электронды оқулықтарды дәріс беруде жүзеге асырамыз, қосымша өздік жұмыс түрлерін жүргіземіз.          Факультетімізде қолданылған ең маңызды  құрал-жабдықтар интернет, компьютер мен лингафон кабинеттері, VCD-лер мен жаңаша оқулықтар, журналдар.  Студенттеріміз сыныпта үйренгендерін тәжірибе жүзінде де қолдана алатын мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Оның айғағы ретінде олардың шет елдерде білімдерін жетілдірүін мақтанышпен айта аламыз. Сонымен қатар олар шет елдерге де барып келе алады. Оқытушыларымыз өз істерінің маманы, тәжірибелі, білімді ұстаздар.

         Факультетімізде  кез келген шет тілі  дәрісі  тек қана сол оқытылатын тілде ғана түсіндіріледі, басқа тілдерде аңықтама берілмейді  2006-2007 оқу жылында оқытылып жатқан тілдер: ағылшын тілі, түрік тілі, француз тілі, арап тілі, неміс тілі, испан тілі, қытай тілі, жапон және корея тілі болып табылады. Студенттер осылардың ішінен біреуін негізгі мамандық ретінде екі тілді екінші мамандық ретінде таңдап алады. Бұл тілдердің тек біреуі үшін ақы төленеді, екінші және үшінші тілдер тегін оқытылады. Яғни біздің факультетімізде оқитын бір студент аңа тіліне қосымша үш шет тілі үйренеді.