Музей туралы

   Профессор, доктор Али Өзек атындағы Шет тілдер және іскерлік карьера  университетіндегі мұражайы ғылым, оқу ісіне жәрдем беретін және мәдени-ағартушылық бөлімше болып табылады.

Аталған мұражай университеттің 10 жылдық мерейтойы тойлану қарсаңында 2015 жылы салтанатты түрде ашылды.

         Мұражайда университеттің тарихы, түлектердің дипломдары, құжаттары мен суреттері арқылы берілді.
Сонымен қатар, атақты түлектерге қоғамдық спорттағы қызметі үшін берілген марапаттар да бар. Барлығы да нақты бірізділік бойынша жүйеленген. Экспозицияда университеттің қазіргі өмірі мен қызметінде жоғары білім беру міндеттерін орындауына ерекше көңіл бөлінген. 

 

Этнографиялық бөлімде қазақтардың қалыптасуы мен әртүрлі рухани және материалдық мәдениетін сипаттайтын элементтер көрсетілген. 

Мұражайда ҚР белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әртүрлі республикалық конференцияға қатысушылары университеттің құрметті қонақтары болады. 

Мұражай экспозиция материалдары әрдайым жаңартылып тұрады. 

Университет мұражайы студенттер арасында патриотизмді дамытуда ерекше орын алады.