ТҮЛЕКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

Университет өз түлектеріне беретін мол білім қорынан бөлек, одан да маңызды құндылық бар, бұл – университет қабырғаларында бірге өткізген жылдары адамдар арасында қалыптасып, өмір бойы жалғасын тауып жататын  қарым-қатынас.

Университетіміз тарихындағы 11 жыл ішінде тағдыр .............. астам түлекті төрт тарапқа таратып үлгерді.

«Шет тілдер және іскерлік карьера университеті түлектерінің қауымдастығы» 20,,,,, құрылды. Бұл университет тарихындағы жаңа бет болды. Ол университетіміздің, оның студенттері мен түлектерінің жағдайын жасау қажеттілігіне байланысты. Түлектер қауымдастығының президенті болып      .............. тағайындалды. Түлектер қауымдастығы – бұл университетті бітірген соң әрбір түлек келіп қосылатын қоғам.

Қауымдастықтың мақсаты – студенттердің және мамандардың мамандықтарының имиджін және беделділігін арттыру, білім беру саласындағы кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін интеллектуалдық, шығармашылық және іскери әлеуетінің басын біріктіру. Қауымдастықтың миссиясы – Университет айналасында пікірлес адамдарды – университет идеалдары мен дәстүрін құрмет тұтатын, Университетті әрқашан кәсібиліктің, адамгершіліктің және білімділіктің нышаны деп танитын азаматтарды, Университеттің толық әрі жан-жақты дамуына ықпал жасауға ниетті әрі оны іске асыратын адамдарды  біріктіру, ғылым мен білім саласында университетімізге еңбек сіңірген қызметкерлерге, дарынды студенттерге және жас мамандарға қолдау көрсету.

Қауымдастықтың  негізгі бағыттар: университет түлектерінің кездесуін ұйымдастыру және өткізу; еңбекпен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі мамандардан кеңес алу; студенттер мен түлектердің қосымша білім қызметтерін (тақырыптық конференцияларға, семинарларға, мастер-кластарға, біліктілікті арттыру курстарына қатысу) алуына көмек беру; осындай республикалық және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату, делегациямен және жұмысшы топтармен, жұмыс тәжірибесімен және ақпаратпен алмасу, дарынды студенттерге материалдық және басқа да қолдау көрсету; ғылыми, білім беру және ұйымдастырушылық іс-шараларын Қауымдастықтың мақсатына сәйкес қаржыландыру; білім беру, ғылыми және өзге саладағы қызметкерлерді, ШТІКУ студенттері мен түлектерінің жеткен нәтижесін насихаттау.

Белсенді студенттер тарапынан жиналған ШТІКУ түлектері жайлы мұрағат материалдары түлектердің бірыңғай электронды деректер базасына енгізілетін болады.