Университеттің ректоры доктор профессор Сабри Хизметли Бурдурда Мехмет Акиф Ерсой университетінде!
Университет ректоры, доктор профессор Сабри Хизметли 10 наурызда 2016 жылы Мехмет Акиф Ерсой университетінің ректоры, доктор профессор Адэм Коркмаздың Бурдурда қонағы болды. Бурдурда ректор және факультет мүшелері, профессорлармен кездесті. Әнұраның 95 жылдығына орай жургізілген«21-ші ғасыр Мехмет Акиф Ерсойды қайта еске алу» отырысына катысты.
1-ші отырыста 1-ші баяндамашы болған доктор профессор Сабри Хизметли «Мехмет Акиф Ұлттық күресте» атты баяндамасын оқыды. 2-ші отырысқа төраға болды. 11 баяндамашы болған отырыста ұлттық ақын Мехмет Акиф Ерсойдың батырлық қызметтері, еңбектерінде қозғаған мәселелері талқыланды.
Отырыстан кейін университет кампусын аралап доктор профессор Сабри Хизметли сол күні түстен кейін жургізілген Туркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға құрмет докторы рәсіміне, Бірінші Халықаралық Мехмет Акиф Ерсой ғылым және өнер марапаттау рәсіміне қатысты. марапаттау рәсімінен кейін президент мырзамен кездести.
Университет ректоры, доктор профессор Сабри Хизметли Мехмет Акиф Ерсой Университетімен Эрасмус және Мәулана бағдарламасы аясында ынтымақтастыққа қол қойды және алдыңғы хаттаманы жаңартты. Қол қою рәсімінен кейін, Мехмет Акиф Ерсой Университетінің жаңа ректоры, доктор профессор Адэм Коркмазға қазақ шапанын кигізді және біздің университеттің тілектерін жеткізді.