Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ҮЛКЕН ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРА ӨТТІ.

Қазақстан Республикасы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде 2016 жылдың 28-30 қараша күндері «ІІІ халықаралық түркі дүниесін зияландырғандар: «Қожа Ахмет Яссауи және Жүсіп Хас Хажип» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қожа Ахмет Яссауидің 850 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған симпозиумға ҚР Ұлттық Ғылымдар Академиясы мен Түркия Республикасы Стамбул қаласының Бағжылар ауданының әкімдігі ұйымдастырушы мекемелер ретінде қатысты.

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің әл-Фараби залында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумға Қазақстан мен Түрік әлемінің ғылым адамдары, басшылар және жас мамандар қазақ, түрік, араб, орыс және ағылшын тілдерінде маңызды баяндамалар жасады.

Екі жалпы отырыс және 4 секция отырыстарында Ахмет яссауи мен Жүсіп Хас Хажип туралы әр түрлі мәселелер қолға алынып, талқыланды.

Үлкен бір тыңдаушы жиын тарапынан көңіл бөлінген симпозиум сертификат тапсыру салтанаты мен қорытынды баяндамалардың оқылуымен аяқталды.