АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                                                             

 

 

 

Алматы қаласының әкімдігі

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

             Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау жөніндегі шешіміне және университеттің 10 жылдығына байланысты 2015 жылдың 23-24 қазанында  өтетін «Қазақ хандығының 550 жылындағы Қазақстан және қазақ халқы»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Баяндамалар – қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Алматы қаласы әкімдігімен бірігіп ұйымдастырылған осы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстанмен қоса, Түрік әлемі мен ТМД елдерінің ғалымдары, мемлекеттік және аймақтық басқару, ғылыми мекемелер өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар қатысушы, баяндамашы және сараптамашы ретінде шақырылады.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары мен секциялары:

 

І. ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:

Қазақ хандығының 550 жылындағы Қазақстан

ІІ, ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:

  Қазақ хандығының 550 жылындағы қазақтар

ІІІ.СЕКЦИЯ ОТЫРЫСТАРЫ:

1-секция:Қазақ хандығының құрылуының саяси-әлеуметтік маңызы

2-секция:  Қазақ хандығының ғылыми және мәдени мұрасы

3-секция:  Тәуелсіз Қазақстан: білім беру жүйесі және 2050 стратегиясы

 

ІV.ОТЫРЫС: Конференцияны қорытындылау және жиынның жабылуы

         Конференцияға қатысу шарттары:

                Конференцияға қатысу үшін талап етілген құжаттар жиынтығының қағаз және электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру немесе ydu2006@mail.ruэлектрондық пошталарына жіберуі тиіс. Баяндамашылар 2015 жылдың 10 қазанына дейін конференцияға қатысуы жайлы мәліметті–gulbeisen@mail.ruэлектрондық поштасына жіберуі немесе +7(727)379-78-94 хабарлауы міндетті.

Конференция мақалалары 2015 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады. Мақала жариялау – тегін, жиын соңынан, конференцияға белсенді қатысқандарға сертификат беріледі. Тіркелу парағын жібермеген қатысушыларға сертификат берілмейді.

Ғылыми-тәжірибелік конференция туралы толық ақпарат Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің сайтында берілген.

                Мақала көлемі пленарлық – 10-12 беттен, секциялық – 5-6 беттен аспауы тиіс. Файлдық форматы – Word және RTF. Мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, 14 кегль, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі.

                Мақаланың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

                Мақаланың УДК-сы (ББК) болуы шарт, ол бірінші жолдың сол жағына қойылады. Мақаланың атауы екінші жолдың ортасында болуы керек (бас әріппен, жартылай жуан шрифтпен, кегль 14), төменірек ортасында автордың тегі, аты-жөні (кіші әріппен, жартылай жуан шрифт, кегль 12; оның астында – жұмыс орныңыз, қала, мемлекет (кіші әріппен, кегль 12), оның астында – e-mail (курсивпен, кегль 12); Дәйекті сөздер (ключевые слова) –5-тен көп емес болу керек; Жолдары: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ жолы – 30 мм, оң жақ жолы – 15мм; Жол аралығы 1,0 интервалмен; Мақала соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қысқа түйін (резюме) беріледі; Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде жақшаға алынып беріледі. Мысалы, [1:45]; Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мақала мәтіннің соңында сілтеме түрінде, пайдаланылу ретіне сәйкес жасалады.

             Сызбалар, суреттер jpg форматында болуы міндетті және А-4 бетінен аспауы керек. Баяндама тезистері электрондық поштамен жіберіледі. Егер баяндама ұжымдық болса, авторлар саны төрт адамнан аспауы керек.

             Ескерту: Баяндама немесе мақала мәтіні түпнұсқа болып табылады. Мақала мазмұны үшін авторлар жауап береді. Материалдың тіліне және мазмұндау стиліне жоғары талап қойылады. Редакция мақаланы әдеби және стилистикалық өңдеумен айналыспайды, дегенмен редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен (2015 жылдың 20 қазанына) кейін жіберілген тезистерді қабылдамауға құқылы.

             Баяндама тезистері ғылыми жинақ түрінде басылып шығады. Мақалалары қабылданған қонақтардың іссапар қаражаты мен келіп-кету шығындары (Түркия, Әзербайжан, Ресей ұшақ; Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан пойыздың купе билеті, әр мекеменің 1 өкіліне) университет есебінен жүргізіледі.

     Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:

  • Конференцияға қатысу үшін тіркеу формасы (қосымшада берілген);
  • Талапқа сай рәсімделген баяндамалар мен мақалалар тезисі.

    Конференцияның өткізілу орны: Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Үлкен залы.Тіркелуі – сағат 09.00. Басталуы – сағат 10.00.

 

     Қосымша: 24 қазан 2015 жылыҚазақ хандығының 550 жылдығына арналған Алматы қаласы әкімдігі мен университеттің ұйымдастыруымен халықаралық студенттік өнер және спорт олимпиадасы өтеді. Олимпиада төңірегінде төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылады:

  1. Күрес
  2. Таэквондо
  3. Шахмат
  4. Волейбол
  5. Жеңіл атлетика
  6. Мини-футбол
  7. Арулар сайысы
  8. Ақындар айтысы

 

   Тіркеу формасын төменде көрсетілген мекенжайға жібере аласыздар:

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы, 050026/Қазыбек би көшесі, 168

Телефон: 8(727) 379 78 94, 379 78 95. Факс: 8 (727) 379-78-93.

e-mail:ydu2006@mail.ru;web-site:www.archive.ydu.kz; gulbeisen@mail.ru Ұйымдастыру комитеті:Бейсенбекова Г.Т.., Қуанышбаева А.А.

 

                                                                                                                  ҚОСЫМША: Тіркеу үлгісі

Конференция қатысушының өтінімі

  1. Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

  1. Жұмыс орны, лауазымы (ЖОО немесе мекеме атауы)

 

  1. Ғылымиатағы, дәрежесі

 

  1. Секцияның атауы

 

  1. Мақаланыңтақырыбы

 

  1. Мекенжайы (пошта индексі, мемлекет, қала)

 

  1. Е-mail (электрондық поштасы)

 

  1. Байланыс телефондары (қызметі, үйі, ұялы; халықаралық байланыс кодымен)

 


Ұйымдастыру комитет
і