Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіз Еліміз – көшбасшы Елбасымыз» атты тақырыпта өтетін магистранттар мен студенттердің ХІ ғылыми-практикалық конференциясы  21-22 сәуірде өтеді.

  Баяндамалар – қазақ, түрік, орыс, ағылшын, т.б. тілдерде жүргізіледі.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары мен секциялары:

І. ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:  «Тәуелсіздіктің 25 жылындағы Қазақ елі және Елбасы»

1-секция:«Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орны»

2-секция:   «Мәңгілік ел» идеясының маңызы»

3-секция:   «Тәуелсіз Қазақстан құрудағы  Елбасы Жолдауларының  рөлі»

 ІІ.ОТЫРЫС: Конференцияны  қорытындылау және жабылу салтанаты.

 

         Конференцияға қатысу шарттары:

     Конференцияға қатысатын студенттер мен магистранттардың ғылыми мақалаларын сұрыптап, тақырыпқа сай болуы қадағалануы қажет.

      Мақаланы тіркеу 25 ақпан,   уақыты:  22 наурыз 2016 жыл.

     Әрбір мақала талқылаудан, сұрыптаудан өтеді. Жарамсыз мақалаға ғылыми жетекші жауап береді. Интернеттен көшірілген мақалалар қарастырылмайды.

         Факультет декандары мен кафедра меңгерушілері ұсынылатын мақалаларды факультет және кафедраның кеңестерінде талқыланып, өткізілетін студенттердің  ғылыми мақалалары  факультеттің кеңес шешімімен  Ғылым кеңесіне ұсынылсын.

        Конференцияға қатысу үшін талап етілген құжаттар жиынтығының қағаз және электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру немесе , gulbeisen@mail.ruэлектрондық пошталарына жіберуі тиіс.

         Мақала көлемі пленарлық – 10-12 беттен, секциялық – 5-6 беттен аспауы тиіс. Файлдық форматы – Word және RTF. Мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, 14 кегль, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі.

        

         Мақаланың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

         Мақаланың УДК-сы (ББК) болуы шарт, ол бірінші жолдың сол жағына қойылады. Мақаланың атауы екінші жолдың ортасында болуы керек (бас әріппен, жартылай жуан шрифтпен, кегль 14), төменірек ортасында автордың тегі, аты-жөні (кіші әріппен, жартылай жуан шрифт, кегль 12; оның астында – жұмыс орныңыз, қала, мемлекет (кіші әріппен, кегль 12), оның астында – e-mail (курсивпен, кегль 12); Түйін сөздер (ключевые слова) –5-тен көп емес болу керек; Жолдары: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ жолы – 30 мм, оң жақ жолы – 15мм; Жол аралығы 1,0 интервалмен; Мақала соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қысқа түйіндеме (резюме) беріледі; Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде жақшаға алынып беріледі. Мысалы, [1, 45]; Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мақала мәтіннің соңында сілтеме түрінде, пайдаланылу ретіне сәйкес жасалады.

        Сызбалар, суреттер jpg форматында болуы міндетті және А-4 бетінен аспауы керек. Баяндама тезистері электрондық поштамен жіберіледі. Егер баяндама ұжымдық болса, авторлар саны төрт адамнан аспауы керек.

    Мақалада ғылым жетекшінің аты-жөні көрсетілуі қажет.

 

     Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:

  • Конференцияға қатысу үшін тіркеу формасы (қосымшада берілген);
  • Талапқа сай рәсімделген баяндамалар мен мақалалар тезисі.

    Конференцияның өткізілу орны: Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің әл-Фараби залы. Тіркелуі – сағат 09.00. Басталуы – сағат 10.00.

 

                                                                    ҚОСЫМША: Тіркеу үлгісі

Конференция қатысушының өтінімі

  1. Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

  1. Мамандығы, факультеті

 

  1. Ғылымижетекшінің аты-жөні

 

  1. Секцияның атауы

 

  1. Мақаланыңтақырыбы

 

  1. Мекенжайы (пошта индексі, мемлекет, қала)

 

  1. Е-mail (электрондық поштасы)

 

  1. Байланыс телефондары (қызметі, үйі, ұялы; халықаралық байланыс кодымен)