КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

 

                                           

                                                                             

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

          Қазақстан Республикасы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Алматы қаласы әкімдігімен, Туран университетімен, Түркия  Республикасы Кастамону және Невшехир Қажы Бекташ университеттерімен, Халықаралық Қырғызстан-Түркия Манас  университеттерімен бірлесе отырып, Республикасы Хаджы бекташ университРеспубликасы Хаджы Бекташ рр*ТТ0Р4 Қазақстаннын тәуелсіздігінің 25 жылына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған  «Ұлы Жібек жолы  туризмі және сауда-саттығының Еуразия елдерінің дамуындағы  орны»  атты тақырыпта3-5 маусым 2016 жылы өтетін  ІІ Халықаралық  түркі дүниесі туризм симпозиумына қатысуға шақырады.

  Баяндамалар – қазақ, түрік, орыс, ағылшын, т.б. тілдерде жүргізіледі.

Бұл сипозиумға Қазақстанмен қоса, Түркі әлемі мен ТМД елдерінің ғалымдары, мемлекеттік және аймақтық басқару, ғылыми мекемелер өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, туризм саласындағы қауымдастықтар мен агенттіктер   қатысушы, баяндамашы және сараптамашы ретінде шақырылады.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары мен секциялары:

 

І. ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:

«Еуразия өлкелеріндегі туризм: қайнар көздері, өткені және бүгіні»

ІІ.  ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:

«Ұлы Жібек жолы сауда-саттығының Азия-Еуропа қарым-қатынастары мен әлемдік туризмнің дамуына ықпалы»

ІІІ.СЕКЦИЯ ОТЫРЫСТАРЫ:

1-секция: «Еуразиядағы рухани туризм: зиярат жерлері және ерекшеліктері»

2-секция:  «Мәдениет және туризм»

3-секция:  «Түркі әлемі туризм қарым-қатынастары және дамыту жолдары»

4-секция: «Қазақстандағы туризм және әлеуметтік-экономикалық дамудағы маңыздылығы»

5-секция: «Орта Азиядағы ғылым мен мәдениеттің дамуында Ұлы Жібек жолы сауда-саттығының рөлі»

 

ІV.ОТЫРЫС: Симпозиумды  қорытындылау және жабылу салтанаты

         Симпозиумға қатысу шарттары:

            Симпозиумға қатысу үшін талап етілген құжаттар жиынтығының қағаз және электрондық нұсқаларын ұйымдастыру комитетіне тапсыру немесе , gulbeisen@mail.ruэлектрондық пошталарына жіберуі тиіс. Баяндамашылар 2016 жылдың 15 сәуірге дейін симпозиумға қатысуы жайлы мәліметті , gulbeisen@mail.ruэлектрондық поштасына жіберуі немесе +7(727)379-78-94 хабарлауы міндетті.

Симпозиум мақалалары 2016 жылдың 01 мамырына дейін қабылданады. Мақала жариялау – тегін, жиын соңынан, симпозиумға белсенді қатысқандарға сертификат беріледі. Симпозиумға қатысып, баяндама оқымаған қатысушыларға сертификат берілмейді.

Симпозиум туралы толық ақпарат Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің сайтында берілген.

            Мақала көлемі пленарлық – 10-12 беттен, секциялық – 5-6 беттен аспауы тиіс. Файлдық форматы – Word және RTF. Мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, 14 кегль, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі.

            Мақаланың рәсімделуіне қойылатын талаптар:

            Мақаланың УДК-сы (ББК) болуы шарт, ол бірінші жолдың сол жағына қойылады. Мақаланың атауы екінші жолдың ортасында болуы керек (бас әріппен, жартылай жуан шрифтпен, кегль 14), төменірек ортасында автордың тегі, аты-жөні (кіші әріппен, жартылай жуан шрифт, кегль 12; оның астында – жұмыс орныңыз, қала, мемлекет (кіші әріппен, кегль 12), оның астында – e-mail (курсивпен, кегль 12); Түйін сөздер (ключевые слова) –5-тен көп емес болу керек; Жолдары: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ жолы – 30 мм, оң жақ жолы – 15мм; Жол аралығы 1,0 интервалмен; Мақала соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қысқа түйіндеме (резюме) беріледі; Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде жақшаға алынып беріледі. Мысалы, [1:45]; Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мақала мәтіннің соңында сілтеме түрінде, пайдаланылу ретіне сәйкес жасалады.

          Сызбалар, суреттер jpg форматында болуы міндетті және А-4 бетінен аспауы керек. Баяндама тезистері электрондық поштамен жіберіледі. Егер баяндама ұжымдық болса, авторлар саны төрт адамнан аспауы керек.

          Ескерту: Баяндама немесе мақала мәтіні түпнұсқа болып табылады. Мақала мазмұны үшін авторлар жауап береді. Материалдың тіліне және мазмұндау стиліне жоғары талап қойылады. Редакция мақаланы әдеби және стилистикалық өңдеумен айналыспайды, дегенмен редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастыру комитеті симпозиум тақырыбына және қойылған талапқа сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен (2016 жылдың 01мамырынан) кейін жіберілген тезистерді қабылдамауға құқылы. Мақаласы қабылданбағандар симпозиумға шақырылмайды.

          Баяндама тезистері ғылыми жинақ түрінде басылып шығады. Мақалалары қабылданған Қазақстандық қонақтардың жол сапар қаражаты (пойыз, автобус) және тамақтануы; Түркия (қонуы, тамақтануы), Әзірбайжан, Ресей; Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан  елдерінен келетін қонақтардың жол сапар қаражаты (пойыз), қонуы, тамақтануы  университет есебінен жүргізіледі.  Университет әр мекеменің 1 өкілінің жол қаражатын көтереді.  

 

     Құжаттар жиынтығы төмендегілерден тұрады:

  • Симпозиумға қатысу үшін тіркеу формасы (қосымшада берілген);
  • Талапқа сай рәсімделген баяндамалар мен мақалалар тезисі.

    Конференцияның өткізілу орны: Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің әл-Фараби залы. Тіркелуі – сағат 09.00. Басталуы – сағат 10.00.

 

  

   Қосымша: 5 маусым 2016 жылы симпозиумға қатысушылар Алматы қаласы және Алматы облысының көрікті жерлерін аралап,  саяхаттайды.

 

   Тіркеу формасын төменде көрсетілген мекенжайға жібере аласыздар:

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы, 050026/Қазыбек би көшесі, 168

Телефон: 8(727) 379 78 94, 379 78 95. Факс: 8 (727) 379-78-93.

e-mail:ydu;web-site:www.archive.ydu.kz; gulbeisen@mail.ru Ұйымдастыру комитеті:Бейсенбекова Г.Т.., Қуанышбаева А.А.

 

 

 

 

                                                                                      ҚОСЫМША: Тіркеу үлгісі

Симпозиумға  қатысушының өтінімі

  1. Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

  1. Жұмыс орны, лауазымы (ЖОО немесе мекеме атауы)

 

  1. Ғылымиатағы, дәрежесі

 

  1. Секцияның атауы

 

  1. Мақаланыңтақырыбы

 

  1. Мекенжайы (пошта индексі, мемлекет, қала)

 

  1. Е-mail (электрондық поштасы)

 

  1. Байланыс телефондары (қызметі, үйі, ұялы; халықаралық байланыс кодымен)

 


Ұйымдастыру комитет
і