Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университетінде 2015-2016 оқу жылының екінші жарты жылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламалары төңірегінде шет елге барып келген түлектер мен Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университетінің түлектеріне арналған жиналыс жүргізілді. Жиналысқа университет ректоры Доктор Профессор Сабри Хизметли, халықаралық қатынастар проректоры Хурие Екхлеф, Білім жөнінде проректор Зеуре Ақтамбердиева, тәрбие жөнінде проректоры Гүлназ Бейсенбекова, Халықаралық қатынастар академиялық ұтқырлық бойынша жауапты Еркінай Оңғарова және т.б әкімшілік жауапты декандар, оқытушылар мен университет түлектері қатысты.

Жиналыста шет елге барып келген студенттер ШТжІКУ-нің түлектерімен шет елден алған өз тәжірибелерімен бөлісті. Ол жақтағы білім бағдарламалары мен білім жүйесінің артықшылықтарын да атап өтті. Ондағы халықтың мәдениеті мен дәстүрімен таныстырды. Шет елден білім алып келген түлектеріміздің Университетіміздің ректоры Доктор Профессор Сабри Хизметлиге алғыстары шексіз.

Жалпы айтқанда жыл сайын ШТжІКУ-нің алғыр, үлгерімі жоғары түлектері Мәулана Бағдарламасы, Протокол келісімшарттары, Эрасмус + бағдарламалары төңірегінде  шет елге жолдама алып академиялық ұтқырлықтарын жоғарғы деңгейде жүзеге асырып жатыр. Алдағы уақытта барлық түлектерімізге академиялық ұтқырлық бойынша емтихандарда сәттілік тілейміз.