Шет тілдер кафедрасы

Ғылыми жұмыстар

Шет тілдер кафедрасының ғылыми жобалар мен ҒЗЖ

 

         Шет тілдер кафедрасында ғылыми жұмыстар мынадай бағытта өткізіледі: «Қазақстан және түркі тілдес елдердегі лингвистикалық пәндер бойынша оқытушының кәсіби қызметіндегі когниция мен эвристика». Бұл зерттеу бойынша оқу құралдары мен ғылыми жариялынымдар басылым беттерінде жарық көруде.

         ПОҚ тарапынан жүзеге асырылып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Когнитологиялық жетістік шет тілдерін оқыту саласында интеллектуалды еңбек ілгерінділігін көтеру негізі ретінде».

         Шет тілдер кафедрасының педагогикалық-профессор құрамымен екі ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылды (2012-2015 жж.):

-  «Қазақстан және түркі тілдес елдердегі болашақ шет тілін оқыту мамандарын кәсіби дайындау барысындағы лингвомәдени аспектілердің шет тілдерін оқытудағы инновациялық факторы ретінде». Бұл тақырып «ҰҒТЗИ» АҚ мемлекеттік тіркеу нөмірі 011РК01986 19.09.2012 ж. тіркелген. Тақырыптың орындалу мерзімі: 01.2011 ж. -12.2014 ж. аралығы. Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доценті Р.Е. Дабылтаева. Қазіргі таңда ғылыми жоба бойынша орындалған жұмысы туралы есебі «ҰҒТЗИ» өткізілуге дайындық үстінде.

-  «Тілдерді оқытудағы инновациялық ыңғай». Бұл тақырып «ҰҒТЗИ» АҚ мемлекеттік тіркеу нөмірі 011РК00560 30.12.2011 ж. тіркелген. Тақырыптың орындалу мерзімі: 01.2012 ж. - 07.2014 ж. аралығы. Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доценті Г:Ж. Серикбаева. Ғылыми жобаның аяқталуына байланысты «ҰҒТЗИ» қорытынды есебі дайындалып, тапсырылды.

      Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің аталған ғылыми бағыттары бойынша оқу үрдісіне даярламалар мен монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар түрінде басып шығару ендірілді. Соңғы үш жыл ішінде кафедра оқытушылары 19 оқу-әдістемелік құралдарын басып шығарды.

      2012 және 2015 жж.   аралығында кафедра оқытушыларының 156 ғылыми басылымдар, оның ішінде монография -7, ғылыми мақалалар -49, бақылау Комитеті ұсынған басылымдар – 15, шетелдік ғылыми зерттеу журналдарында -15, республикалық -12, ғылыми конференция материалдар жинағында-73 жарық көрді.