Тарих,дінтану және халықарылық қатынастар кафедрасы

Ғылыми жұмыстар

Тарих және халықаралық қатынастар

саласындағы ғылыми жұмыстар

      Профессорлық – оқытушылық кафедра құрамы Қазақстанда және Шет елдерде өткізілетін халықаралық конференцияларда және симпозиумдарға әрдайым қатысады. Жыл сайын кафедраның студенттері кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының басшылығымен университеттің студенттік ғылыми конференцияларында, әртүрлі республиканың конференцияларында, олимпиадаларға және сайыстарға қатысады. Сонымен қатар студенттеріміз әртүрлі мемлекеттік немесе әртүрлі халықаралық ұйымдармен ұйымдастырылған сайыстарға қатысып, жеңілдіктер ұтып алады.

     Университеттің халықаралық байланыстары мен ұйымның ғылыми басқармасымен кафедраның прфессорлық-оқытушылық құрамының арқасында студенттер шет елде білім алу мүмкіндігіне ие.

Кафедрада «Анализ тюркских духовных ценностей и проблемы их возрождения в условиях глобализации» атты ғылыми жобаға жетекшілік етті.

Шет елдердегі ғылыми симпозиумдарға қатысып, мақалаларын жариялады. 2011 жылы Туркиядағы Мармара университетінде «Қазақстан мен Туркиядағы мемлекет-дін қарым-қатынасы» атты симпозиумға қатысты.

2012 жылы Туркияның  Мугла университетінде тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-сапарда болды.

2013жылы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің  профессоры ретінде  Халықаралық «Мевлана» программасы бойынша   Туркияның Кастамону қаласындағы мемлекеттік университетке барды. Ол жерде мамандығы бойынша кәсіби біліктілігін іске асырумен қоса Туркияның мәдениетімен, салт– дәстүрлерімен, қаланың мәдени  және  тарихи жерлерімен танысты.

2014 жылыТуркияның Сакария қаласындағы мемлекеттік университетте қызмет атқарып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Ғылыми жұмыстары: бірнеше магистрларға жетекшілік етіп қорғатып шықты. 

Ғылыми мақалалары Туркияда, 2011 жылы 2 мақаласы Қытайдағы «Общественные науки в Синьцзяне» № 1, № 6 ғылыми журналдарда жарияланған.

2009 жылы «Дінтану дәрістер жинағы», 2011 жылы «Діндер тарихы» атты республикалық оқу-әдістемелік Кеңесте мақұлданған оқулығы жарық көрді.     

2013 жылы «Әйел және дін» атты халықаралық форумға қатысты.  Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми журналдарда 30- дан аса мақалалар жариялады. 

Тарих және дінтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Көп ұлтты Қазақстан» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

 Дінтану мамандығы  бойынша ғылыми-зерттеу  жұмыстары

 Соңғы  5 жыл  ішінде университет  басшылығы  студенттер  мен  оқытушылардың  академиялық біліктілігін  көтеру, ғылыми  зерттеу сапасын  арттыру  және  білімді жаңғырту мәселелеріне айрықша  мән  беруде.   

            2011 жылы  Түркия Республикасының, Мармара университетінде өткен  «Қазақстан мен Түркиядағы мемлекет-дін  қарым-қатынасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумға «Дінтану» кафедрасының   меңгерушісі              Қонар С.К., кафедра  оқытушылары: филос.ғ.к., доцент  Ахмедов Қыдыр, филос.ғ.к., аға оқытушы  Жайылганова Карима  және  Оспанов  Дәлелхан   қатысып, баяндама  жасады.

Кафедралық  ғылыми  жоба

Кафедрада    орындалуы  2011-2014жж.    жоспарланған   ғылыми  жоба жүргізіліп  жатыр. Ғылыми  жоба  атауы:  «Түркілік  рухани  құндылықтарды  сараптау  және  жаһандану  жағдайында  қайта  жаңғырту  мәселелері»

Ғылыми  жетекшісі – Конар С.К.,  филос.ғ.к., профессор.

Ғылыми  жоба  қатысушылары:

1.Сабри Хизметли – доктор, профессор

2.Затов Қайрат- филос.ғ.д., доцент

3.Қонар Сағынкүл- филос.ғ.к., профессор

4.Ахмедов Қыдыр- филос.ғ.к., доцент

БІЛІКТІЛІКТІ  КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ 

Университетіміз  ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтымен 2011 жылдың 10 қарашасынан бастап 3 жылдық келісімшартқа отырды.  Келісім шарт талабы бойынша университет жылына 2 рет республика деңгейінде дінтану мәселесіне байланысты мектеп мұғалімдерінің  біліктілігін артыру курстарын өткізеді.

2011-2012  оқу  жылында  кафедраның  барлық  оқытушылары  біліктілік  арттыру  курстарынан  өтті, олар:

Түркия  Республикасы, Мармара  университеті, «Қазақстан  мен  Түркиядағы  мемлекет-дін   қарым-қатынасы». 23.12.2011-30.12.2011.

Білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық  кадрлары  біліктілігін  арттыратын   республикалық  институт «ЖОО-дағы  модульдік  жүйе  бойынша  оқытудың  әдіс-тәсілдері  және  инновациялық  технологиялар», 20.12.2011-24.12.2011

Абай  атындағы  ҚазҰПУ, «ЖОО-да  пәндерді  оқытудың  интерактивті  технологиялары», 16.01.2012-21.01.2012

«Национальные  информационные  технологии»  акционерлік  қоғамы. «Электронное  правительство  и  электронные  услуги», 12.11.2011.

Тәрбие ісі

Оқу-тәрбие жұмыстары орыс  және  қазақ топтарында жүргізіледі.

«Дінтану» мамандығында орта мектеп, лицей, колледж  түлектерімен қатар, арнайы кәсіптік білімі бар, сонымен қатар жоғары оқу орнын бітірушілер де оқи алады.   Бітіруші түлектерге мемлекеттік үлгідегі жоғары білім туралы диплом беріледі.

«Тарих» мамандығының 4 курс студенттері Қойтлесова Анар, Сатылғанов Бағдат «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Т. Құсайыновамен Мұхтар Әуезов атындағы театрының алдында «Жүз жылдық маххабат» қойылымын тамашалауда, 2014 жылдың қараша айы.

«Тарих» мамандығының 3 және 4 курс студенттері «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Т. Құсайыновамен Мұхтар Әуезов атындағы театрының алдында «Жүз жылдық маххабат» қойылымын тамашалауда, 2014 жылдың қараша айы.

Студенты 2 и 3 курса, специальности «История» в городе Туркестан, лето 2014 года. Вместе с преподавателями кафедры «Истории Казахстана и международных отношений».

Студенты 2 и 3 курса, специальности «История» в столице Казахстана – Астане. Вместе с преподавателями кафедры «Истории Казахстана и международных отношений».