Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Жалпы ақпарат

КАСЕНОВ ЕРЛАН СЛАМБЕКҰЛЫ

 «Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті»  кафедрасының  меңгерушісі

ф.ғ.к., доцент

«Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2014 жылы бұрынғы «Туризм және журналистика» кафедрасы жанынан бөлініп шықты.  2016 оқу жылынан бастап кафедраны филология ғылымының кандидаты  Е.С.Касенов басқарып келеді.

Білім беру қызметінің сапасын арттыру саласындағы кафедраның мақсаты –  тұтынушыларды мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінде оқу іс-әрекетін жүзеге асыру болып табылады.

Кафедраның оқу және білім беру қызметінің негізгі бағыты – мамандық бойынша пәндерді оқыту, кәсіби қызмет саласына сай білім беру; ғылым, мәдениет, білім берудегі әкімшілік басқару және әлеуметтік-гуманитарлық іс-әрекеттің басқа да салалары болып табылатын гуманитарлық бағыттағы білікті мамандарды даярлау.

Кафедра 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В050400 – «Журналистика», 5В011100 – «Информатика» мамандықтары бойынша қазақ және орыс тілінде күндізгі  оқу бөлімінде тіл мамамандарын және журналист мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді.  Кафедрада барлығы 17 оқытушы бар. Оның ішінде 6 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы және 5 магистр қызмет атқарады.

Кафедра ұжымы үнемі өз біліктіліктерін Қазақстан Республикасының аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларда, семинарларда және тренингтерде, Түркия, Қытай, Египет елшіліктерімен өткен дөңгелек үстел жұмысына белсене қатысып отырды. Кафедра ұжымы әрдайым өздерінің біліктілігін артыру мақсатында халықаралық, республикалық конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы жетілдіріп отырады.

            Болашақ мамандарды дайындау сапасын басқару жүйесібойынша кафедра жұмысы университеттің ОӘК-нің бекіткен нормативтік құжаттары мен ережелері негізінде жүргізіледі.     

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

                 Кафедра оқытушылары 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша күндізгі оқу  бөлімінде құзыретті мамандар даярлайды. Қазақстан Республикасының  27.07.2007 ж. 389-ІІІ   «Білім туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  02.09.1999 ж. № 1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын  әзірлеу, бекіту және іске қосу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысының  нормалары іске асырылуда.

Қазақ тілі бойынша: қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы, сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, тілдің шығу, даму заңдылықтары, жазу, әлем тілдері және олардың классификациясы, қазақ тілі диалектілері, тіл білім тарихы, ондағы дәуірлер мен ағымдар, тілді зерттеу әдістері, шет елдер тіл біліміндегі концепциялар, қазақ тілін оқыту әдістемесі т.б. жайлы жүйелі білімді қалыптастырудың дағдыларын меңгереді.

          Қазақ әдебиеті бойынша: балалар әдебиетінің ерекшелігі, көркем әдебиет ерекшелігі, әдеби жанрлар, фольклордың тарихы мен теориясы, түркі халықтарына ортақ әдебиет, хандық дәуір әдебиеті, ақын-жыраулар шығармашылығы, ағартушылық бағыттағы әдебиет, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиеті т.б. туралы ақпарат алады.

           5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бiтiрген түлекке 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының «білім бакалавры» академиялық дәрежесi берiледi. Бітіруші мамандар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде оқытушы, кіші ғылыми қызметкер қызметтерін атқара алады.

Қазақ тілі мен әдебиетінің қазіргі жағдайы, оның басқа білім салаларымен өзара байланысы, оның даму болашағы мен оқытудың әдістемелік негіздері туралы түсінігі, өзінің келешек кәсібінің әлеуметтік маңызы жөнінде құзыреттіліктері қалыптасады.

            Оқытушылар тілдік семинарларда белсенді қатысып отырады, олардың педагогикалық қызметі халықаралық сертификаттармен дәлелденеді.

Кафедрада жүргізілетін тәрбие жұмысы университеттің оқу үдерісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады: кафедра эдвайзерлері  календарлық-тақырыптық сағаттар өткізуді дәстүрге айналдырған. Кафедра студенттері мен оқытушылары жалпы университеттік  және қалалық шараларды өткізуге белсенді қатысады.

          Кафедра ұжымы жыл сайын жалпыға білім беретін мектептер мен  колледж оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізуді дәстүрге айналдырған.

«Журналистика» мамандығы

Қазіргі жаңа технологиялар дәуірінде ақпарат кез келген үшін маңызды рөл атқарады. Қоғамның әр саласына қатысты мәліметтер мен ақпаратты жариялайын, тарататын мамандықтың бірі – журналистика. Біздің университетіміз де заман талабынан қалыс қалып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта 5В050400 - «Журналистика» мамандығы бойынша қазақ, орыс және  ағылшын тілінде күндізгі  оқу бөлімдері жаңашыл мамандар дайындап келеді. «Журналистика» мамандығы 3 жыл, 3,5 жыл, 4 және 5 жылдық кәсіби жоғары білім беретін 2001 жылдың 3 наурызында ҚР Білім және ғылым министрлігі берген №643  мемлекеттік лицензияның күшімен жұмыс істеуде. Маман даярлау құқығы бар мемлекеттік лицензия 30.12.2005 жылы берілді. Шексіз уақытты АБ № 0026233 сериясы.

«Журналистика» мамандығында кәсіби маман даярлаудағы оқытушылардың еңбегі зор. Аталмыш мамандықта ҚР мемлекеттік сыйлығының және білім саласына еңбегі сіңген алғыс хаттардың иегерлері білім береді. Атап айтсақ, «2008 жылғы ЖОО-дағы үздік оқытушы», «Сауап», «Кітап мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты медальдардың және ҚР Президентінің алғыс хатының иегері Жақып Бауыржан, Қазақ радиосының құрметті грамотасымен және Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің мадақтау грамотасымен марапатталған Эльмира Әуезова. Қазіргі кезде «Журналистика» мамандығы бойынша 5 оқытушы қызмет атқарады. Оның үшеуі арнайы ғылыми дәрежелі мамандар.

«Информатика» мамандығы

«Информатика» мамандығының дамуы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің құрылу тарихымен тікелей байланысты.

2005 жылы «Экономика және әкімшілік ұйымдастыру» кафедрасының құрамында «Информатика» мамандығы ашылды, ал 2013-2014 оқу жылдарында аталыш мамандық «Туризм және коммуникация» кафедрасының құрамына көшірілді. 2014-2015 оқу жылдарында «Информатика» мамандығының бітірушілері өтілетін пәндердің сапасын растау үшін мемлекеттік аттестациялаудан өтіп, жоғары білім көрсеткіштерін көрсетті.

2015-2016 оқу жылында «Информатика» мамандығы «Журналистика, қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының құрамына кірді.

Бүгінгі таңда мамандар құрамы ҚР Заңнамаларына және жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ережесіне сәйкестендірілген.

Кафедрада «Информатика» мамандығы бойынша 10 штаттық оқытушы бар, соның ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары – 6 адам, яғни 60 %-ды құрайды.

ҚР Білім беру саласында сіңірген еңбектері үшін ПОҚ-тың мемлекеттік сыйлықтары, құрметті атақтары, құрмет грамоталары бар, солардың ішінде:

-  ҰБТ, ОЖСБ ұйымдастыру мен өткізуге қатысқандары үшін Алғыс хаттар;

-  2012 ж. ҚР БжҒМ аттестациялау кезіндегі республикалық кешенді тестілеуге білімгерлерді дайындауға белсенді атсалысқандары үшін Құрмет грамоталары;

-  2013 ж. Алматы қаласында қалалық сенбілікке қатысқаны үшін Алғыс хат және т.б.

Білім сапасының маңызды факторы бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне айналып отырған кезеңге сәйкес кафедра құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін әлемдік білім кеңістігіне кірігуге ынтасы мен қабілеттілігін дәлелдеп келеді.

Кафедраның Перспективтік жоспарының орындалуы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік және тәрбиелік жұмыстардың жоспарлары арқылы жүзеге асырылады. Кафедраның Перспективтік даму жоспары ҚР «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту Тұжырымдамасының, 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының (ҚР Президентінің 7.12.2010 жылғы № 1118 Жарлығымен бекітілген), 2007-2012 жылдарға Қазақстан Республикасының Ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының, 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарының (ҚР Үкіметінің 11.02.2010 жылғы № 130 Шешімі), Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің стратегиялық жоспарының негізгі ережелерінің жүзеге асуын қамтиды.

5В011100 - «Информатика» білім бағдарламасы бойынша білім алушылар құрамы қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын күндізгі бөлім (мектептен кейінгі, арнаулы орта біліммен және жоғары білімнен кейінгі оқу негізінде) топтарынан құрылады.

Қазіргі уақытта 5В011100 - «Информатика» мамандығы бойынша білім беру үдерісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 23.01.2008 № 26 бұйрығымен бекітілгенжоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 6.08.015-2009 жылғы жоғары кәсіби білім берудің  Мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

5В011100 - «Информатика»  мамандығы бойынша білімгерлерді қабылдау ҚР БжҒМ ББЖБК-мен 03.02.2010 ж. берілген №0137441 уақыты шектеусіз «Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры біліктілігін тағайындайтын лицензияға сәйкес жүргізіледі.

Кафедра фундаменталдық, ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді, білім беру ұйымдарына ақпараттық кеңес беру секілді қызметтер көрсетеді, оқу үдерісіне жаңа технологияларды жасап, енгізеді.

5В011100 – «Информатика»  білім бағдарламасында Университет миссиясына сәйкес және әлеуетті тұтынушылардың сұраныстарына сай нақты мақсаттар мен міндеттерді, сонымен бірге жетістіктерді бағалау және түзету механизмі бар. 

Мамандықты бітірушілер жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, гимназияларда және  т.б. информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей алады.